АСТАНА. KAZINFORM — 28 тамызда ҚР Дубайдағы Бас консулдығы қаза болған Қазақстан азаматтары — Ақжан Боханова мен Жұлдыз Боханованың денесін елімізге жеткізуді ұйымдастырды.
Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, олардың қазасына қатысты БАӘ құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
— Қазақстандық дипломаттар әмірлік прокуратура мен басқа да тиісті органдармен жұмысты жалғастырып, қаза болғандардың отбасына қажетті көмек көрсетіп жатыр. ҚР Сыртқы істер министрлігі марқұмдардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады, — делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында бір үйдің екі қызы қаза тапқанын хабарлаған едік.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.