Қазір ҚР Инвестиция және даму министрлігінің жедел штабы туроператорлармен, авиакомпаниялармен бірлесіп БАӘ бағыты бойынша, сондай-ақ Шарджа әуежайынан Қазақстанға ұшатын барлық ұшақтардағы бос орындарға жолаушыларды отырғызу жұмыстарын жүргізуде.
«Air Astana» ұлттық авиатасымалдаушысы қазақстандық туристерді БАӘ-ге демалысқа жеткізу үшін БАӘ-ге бүгін ұшуы тиіс әуе кемесін кеңірек кемеге ауыстырды.
Атап өтсек, Шарджа әуежайында әлі де тұман. Ұшақтар мен жолаушылар жолға шыға алмай, көптеп жиналып қалды.
ҚР ИДМ жедел штабы БАӘ-дегі Бас Консулдықпен тұрақты байланыста.