АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық былғары қолғап шебері Айдар Шәрібаев колумбиялық Даулис Прескотты бірінші раунда нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Sports.kz.
АҚШ-тың Киссимми қаласында бірінші жартылай орта салмақ санатында өткен кездесу бірінші раунда техникалық нокаутпен аяқталды.
Айта кетейік, жерлесіміз Айдар осымен жеті кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетіп отыр. Оның 6-ауы - нокаут. Ал оның бүгінгі қарсыласы Прескотт болса 37 кездесу өткізген. Бұл - оның алтыншы жеңілісі.
Ербол Жанат
Журналистика саласындағы еңбек жолын 2010 жылы бастаған. Kazinform ХАА-да 2014 жылдан бері тілші, шығарушы редактор болып еңбек етті. Қазіргі қызметі - шеф-редактор.