Бұрын билік басындағы Әділет және даму партиясы жетекшісінің орынбасары Гүсейн Челик те елдегі саяси партиялардың ешқайсысы Түркия парламентінде шариғат шәлісін жамылып жүргендерді басына жаулық салғаны үшін сөгіп, жазғыруға қақысы жоқ екенін қадап айтқан болатын.
Түркия тұрғындарының көпшілігі ел билігінің шариғат шәлісіне қатысты тыйымның күшін жойған шешімін қуана қабылдады. Сауалнамаға қатысқан тұрғындардың 74 пайызы бұл жаңалықты «прогрессивті қадам» деп бағалаған көрінеді. Бұл туралы muslim.kz хабарлады.