Тәжікстан ІІМ астаналық басқармасының мәліметінше, 2026 жылғы 21 қазанда елдің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне «Электронды төлем құралдарының заңсыз айналымы» туралы толықтыру енгізілді. https://t.me/dushanbe_police_tj/7989 Бұл түзетуді әзірлеу барысында Ресей, Қазақстан және Беларусь тәжірибесі ескерілген.
Құқық бұзушыларға заңсыз айналымдағы заттарды тәркілей отырып, айыппұл салынады. Оның мөлшері жаза қолданатын органға қарай 10-нан 85 есептік көрсеткішке дейін белгіленеді. Ал бір жыл ішінде осы әрекетке қайта барғандарға 30-дан 85 есептік көрсеткішке дейін айыппұл қарастырылған.
Астаналық полиция тұрғындарға SIM-карталарын, төлем карталарын, электронды әмияндарын және оларға қатысты мәліметтерді бөгде адамдардың қолына бермеуді ескертті. Полиция мұндай төлем құралдары арқылы қылмыс жасалған жағдайда, жауапкершілік күшейтілетінін хабарлады.
Бұған дейін Тәжікстан Ішкі істер министрлігі балгерлер, сиқыршылар, жезөкшелер, нашақорлар және алаяқтық әрекеттерге қатысы бар басқа да тұлғалар туралы ақпаратты қамтитын арнайы дерекқор құрып жатқаны хабарланған болатын.