Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
- Бұл кадрлар – Шарын МҰТП аумағында жабайы жануарлардың еркін және қауіпсіз тіршілік етіп жатқанын көрсетеді. Еліктер экожүйе тепе-теңдігінің көрсеткіші саналатын сүтқоректілердің бірі. Мұндай бақылау деректері біздің табиғатты қорғау мен зерттеу бағытындағы жұмыстарымыздың нәтижесі. Жабайы жануарлардың бақылау жұмыстары жалғасуда,- делінген хабарламада.
Осыған дейін Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен орман шаруашылығының қызметкерлері жануарлардың көктемнен аман шығуына жағдай жасап отырғаны туралы жаздық.