Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Темірлік аумағында дронға қызықты кадр түсіп қалды. Қарақұйрықтар үйірінің арасынан түсі өзгелерінен әлдеқайда ашық бір дарақ бірден көзге түседі.
Қарақұйрықтың түсі маусымға байланысты өзгеріп отырады. Қысқы жүнге ауысқан кезде оның реңі ашықтап, сұрғылт-құм түске енеді. Жас ерекшелігіне қарай да түсі мен тұмсығындағы белгілер өзгеруі мүмкін.
Ал өте сирек жағдайда мұндай ерекше түс пигментацияға байланысты болуы ықтимал. Соның бірі — альбинизм, яғни меланин пигментінің туа біткен болмауы.
Айта кетелік Шарын паркінде қарақұйрықтар фототұзаққа түсіп қалғаны туралы жазған едік.