2026 жылғы 25 шілдеде Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде қара тазқара балапанына алғаш рет сақина тағылып, GPS/GSM-трекер орнатылды.
Құрылғы арқылы құстың қозғалысын, қоныс аудару бағыттарын және қыстайтын аумақтарын бақылауға болады.
Жұмысқа BRCC және RRRCN орнитологтары қатысты. Қазақстанда тазқараларды GPS/GSM-трекерлер арқылы белгілеу бағдарламасы 2024 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Осы уақытқа дейін 8 құсқа трекер орнатылған.
Еске салсақ Алматы маңында жүрген ілбіске спутниктік қарғыбау тағылған еді.