Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов Алматы облысы әкімінен: «Жыл сайын мыңдаған турист Шарын шатқалына, Қапшағай мен Көлсайға саяхаттап барады. Қазір бұл жерлер еліміздің ең танымал орындарына айналды. Тағы қандай тың жобаларды іске асыру жоспарда бар?», - деп сұраған еді.
Марат Сұлтанғазиевтың айтуынша, өңірде туристерді кеңінен тарту мақсатында бірқатар инвестициялық жоба іске асырылып жатыр.
«Атап айтқанда, Шарын паркінде Визит орталық ашылып, биыл глэмпиктердің санын арттыру жоспарланған. Іле Алатауы аумағында 2 визит орталық ашылды. Көлсай көлдерінде таулы соқпақтар мен маршруттар абаттандырылды. Сондай-ақ Қапшағай су қоймасының жағалауында жеке инвестиция есебінен бірнеше кешен іске қосылды. Осы жұмыстардың нәтижесінде былтыр аталған салаға 60 млрд теңге инвестиция салынды. Биыл Қапшағай-Resort демалыс кешені, «Сокол» автодромы, «Көктал» тау кешені және OBLOKО Country club демалыс аймағы сияқты ірі жобалар іске асырылуда. Сонымен қатар «Ойқарағай» инвестициялық тобымен меморандум жасалып, 2028 жылға дейін 500 жаңа жұмыс орны құрылып, 58 млрд теңге инвестиция тартылады», - деді ол
Оның атап өтуінше, туристендіру картасына кіретін 33 аумақтың 9-ы Алматы облысында орналасқан. Оларды дамыту бойынша кешенді шаралар қабылданып, оң имидж қалыптастыруға бағытталған маркетингтік іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.