Шарын ұлттық паркінде қарақұйрықтар видеоға түсіп қалды
15:33, 03 Қыркүйек 2024
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Шарын ұлттық паркінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген қарақұйрықтар фототұзаққа түсіп қалды.
Бұл ақпарат Шарын ұлттық табиғи паркінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.
«Жабайы жануарларды бақылау мақсатында орнатылған фототұзаққа ілінген — Қазақстанның Қызыл кітабына енген қарақұйрықтар», — делінген жазбада.
Кадрдан бірнеше қарақұйрықтың су ішіп тұрғанын көруге болады.
Осыған дейін Алтынемел ұлттық паркінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген Тянь-Шань қоңыр аюы фототұзаққа түсіп қалған еді.