Қызыл кітапқа енген сирек жыртқыш құстың балапаны дүниеге келді

АСТАНА. KAZINFORM — Шарын ұлттық паркінің аумағында «тазалық сақшысы» атанған Тазқара құсы балапан шығарды. 

Фото: видеодан алынған скрин

Қазір кішкентай балапан қанаттанып, үлкен өмірге қадам басуда.

Тазқара – табиғаттың «санитары». Ол өлексемен қоректеніп, айналаны қауіпті жұқпалы аурулардан тазартады. Сондықтан оның әрбір ұясы – экожүйе үшін баға жетпес құндылық.

Айта кетейік, бұл құс Алматы облысының Қызыл кітабына сирек әрі аз зерттелген түр ретінде енгізілген. Ең қызығы – тазқара жылына бар болғаны бір ғана жұмыртқа салады.

Еске салсақ Шарын шатқалында Қызыл кітаптағы сабаншы видеоға түсіп қалған еді