Кадрлардан таулы аймақтың тік жартастары арасында жүрген тәуешкілерді көруге болады. Әсіресе, фототұзаққа қызығушылықпен қараған кішкентай төлдер кадрға ерекше көрік берген.
— Тәуешкілер таулы жердің күрделі бедеріне бейімделген. Олар жартасты аймақтарда еркін қозғалып, табиғи ортада тіршілік етеді.
Фототұзақтар жабайы жануарлардың күнделікті тіршілігін, мінез-құлқын және төлдерінің өсіп-жетілуін бақылауға мүмкіндік береді. Мұндай бақылаулар табиғи ортадағы жануарлар өмірін зерттеуге де көмектеседі, — делінген хабарламада.
Шарын ұлттық паркінің мамандары жабайы табиғаттың осындай әсерлі сәттерін тіркеуді жалғастырып келеді.
Еске салайық, бұған дейін Сібір елігі мен орман сусары фототұзаққа түсіп қалған еді.