Агенттік мәліметінше, Ғұн империясына 2228 жыл, Ұлы Моңғол мемлекетіне 813 жыл, Ұлт азаттық қозғалысына 108 жыл, Моңғол Халық революциясының төңкерісіне 98 жыл, Демократиялық қозғалысқа 30 жыл толуына орай Моңғолия Президенті Х.Баттулга жарлық шығарып өнеркәсіп, денсаулық, білім, мәдениет, экономика, қоғам, коммуналдық қызмет көрсету саласында абыройлы қызмет атқарған 21 азаматқа «Моңғол еліне еңбек сіңірген қайраткер» атағын берді.
Моңғолия қазақтары арасынан «Моңғол еліне еңбек сіңірген қайраткер» атағымен Баян-Өлгей аймағындағы СУАТ компаниясының директоры Шәріп Сәйпіғалиұлы марапатталды.