Болжам бойынша, ендігі белес WBC International белбеуі болуы мүмкін.
«Кезекті рингке 22 сәуірден кейін шығуды жоспарлап отырмын. Менің менеджерім Сергей Завилейский WBC International титулы үшін айқас өткізудің мақұлданғанын айтты. Бұл айқас Ресейде, Қазақстанда немесе Испанияда өтуі мүмкін. Әрине, мен өз Отанымда өткенін қалаймын. Қазір біз рингтегі позициялары тәуір екі қарсыласты қарастырудамыз, осы екеуінің бірін таңдаймыз», - деді Фируза Шарипова.
Еске сала кетсек, 4 наурыз күні Мәскеуде, өзінің соңғы жекпе-жегінде Фируза Шарипова ринг қожайыны Оюлия Чернобородованы жеңген болатын. Мәскеуге сапарлап келген Флойд Мейвезер Шариповаға сәттілік тілеп, бірнеше ақыл-кеңестерін айтты.