1304 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 032 адам, анықтамасыз 272 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 5 рейс, 639 жолаушы, анықтамамен - 603, анықтамасыз - 36;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 560 жолаушы, анықтамамен - 324; анықтамасыз - 236;
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 80 жолаушы анықтамамен келген;
Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 25 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
2021 жылдың 9 ақпанында шетелден анықтамасыз келген 224 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Шарм-эль-Шейх – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.