Шаршау мен мазасыздықтан арылудың ережелері

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аnabol.kz сайты Дейл Карнегидің «Как завоевывать друзей и оказывать влияние на людей» кітабына сүйене отырып шаршау мен мазасыздықтан арылу ержелерін жариялады.

Ереже 1: Шарашап тұрсаңыз - демалыңыз.

Ереже 2: Жұмыс уақыты кезінде өз денеңіздегі ауыр күшті шығаруға үйреніңіз.

Ереже 3: Егерде сіз үй шаруасында болсаңыз,онда өз денсаулығыңызға сыртқы түр келбетіңізге көңіл бөліңіз. Үй жағдайында демалуға арналған жаттығулар жасаңыз.

Ереже 4: Пайдалы төрт ережені күнделікті еңбек дағдыңызға айналдырыңыз:

А.Жұмыс үстеліңіздегі артық қағаздарды сіздің көңіл күйіңізді бұзатын,нәрселерден тазартыңыз.

Б.Маңызды тапсырмаларды ретімен шешіңіз.

В.Сізде қиын жағдай болса асықпай шешіңіз,егерде шешім қабылдауға дерек табылса онда шешімді тезірек қабылдаңыз.

Г.Ұйымдастыруды үйреніңіз,атқарылған жұмыстарды қадағалаңыз.

Ереже 5: Жаңашылдық жұмыстағы шаршау мен мазасыздықты басады.