«Отандасымыз Геннадий Головкиннің кезекті тарихи жекпе-жегіне куә болдық. Бұл кездесуде бабы мен бағы қатар шаппаса да, ол біз үшін қашанда чемпион болып қала береді. Бұған дейін талай мәрте жарқын жеңістерімен баршамызға қуаныш сыйлаған спортшымызды біз әрдайым қолдаймыз.
Геннадий Головкин ел спортын дамытуға, қазақ боксын әлемге танытуға зор үлес қосты. Оның чемпиондық жолдағы қажырлы еңбегі, төзімділігі мен табандылығы әрбір қазақстандық атлет үшін үлгі-өнеге екені сөзсіз. Головкинге еліктеп өскен жас боксшыларымыз шаршы алаңда әлі де талай атой салады деп сенеміз.
Чемпионымызға алдағы уақытта тек сәттілік тілейміз!
Біз сені әрдайым мақтан тұтамыз, Гена!» - деп жазды Сенат спикері.
Еске салсақ, Лас-Вегастағы T-Mobile Arena стадионында өткен Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы 12 раундтық бокс жекпе-жегі төрешілердің шешімі бойынша мекискалықтың пайдасына шешілген еді.
Фото: sports.kz