Кәсіпорын басшысы - Асқаров Әділхан. Шаруа қожалығында маусымға байланысты 70 пен 300-ге дейін адамды жұмыспен қамтып отыр. «Тату Агро» шаруа қожалығының томат өндеу зауытының құрылыс-монтаж жұмыстары өткен жылы толық аяқталды.
Биылғы жылы олар өнімді өңдеуге кіріседі. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында осы томат өңдеу зауытының инфрақұрылымын дамытуға (электрэнергия, жол құрылысы, су ұңғымасы) ұсыныс беріліп, ол зерделену үстінде. Қожалық иелігінде 120 га жүзім, 120 га алма бақтары бар. Биылғы жылы 100 гектар жерге томат, 50 гектарға -жүзім, 50 гектарға - алма, 200 гектардан астам алқапқа басқа да ауыл шаруашылығы дақылдары егілуде. Барлық егістік түріне су үнемдеу технологиясы, яғни тамшылатып суару жүйесі пайдаланылуда, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.