Еске салайық, отырыста жаңа заңнама аясындағы агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне салынатын салықтар мәселесі талқыланған болатын.
Министрдің айтуынша, салық кодексіне енгізілген соңғы өзгерістер ауыл шаруашылығы саласындағы салық саясатын біршама түзетіп отыр. «Өзгерістердің басты құрамдас бөлігі - бұл жер иелену мен жерді пайдалануға қатысты салықтар. Бұл мәселе ең алдымен салықтық жүктемедегі жер салығының үлесі тым аз екеніне негізделген болатын. Тіпті жер салығының 70 пайыздық жеңілдіктерді қоса алғанда жер салығының үлесі орташа алғанда жарты пайызды құрайды. Нақты сандармен айтсақ, бір гектар егістік алқапқа орташа алғанда мың теңге салық тиеді, ал оның ішінде 7 теңге жер салығы. Ал бұл неге әкеп соғады? Жерді тиімсіз пайдаланушылар жер ресурстарын өздерінде пайдаланбастан ұстай береді, сосын жерді тиімсіз пайдалану осыдан туындайды», - деп түсіндіреді министр А. Мамытбеков.
Оның айтуынша, осындай олқылықтың салдарынан (салықтың аздығынан-авт.) жерге инвестиция салғысы келетіндер үшін жергілікті билік құнарлы, пайдалы жер учаскелерін ұсына алмай отыр. Ал сонымен бір мезгілде жер иелерін тиімсіз пайдаланушылар суға, елді мекенге жақын, жолы бар жер учаскелері қаңырап бос тұр.
«Сондықтан да, біз жерге қатысты сараланған салық енгізуді құптаймыз», - деді А. Мамытбеков.