«ҚазАгроҚаржы» АҚ сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін уақытылы алмауы салдарынан қарыз алушыларға есептелген айыппұл мен өсімпұлды есептен шығару бойынша акция өткізеді.
Компанияда хабарланғандай, бұл бастама шаруалардың субсидияларды төлеудегі кідірістерге байланысты туындаған мерзімі өткен борыштық жүктемесін азайтуға бағытталған. Шара бұрыннан жинақталған мерзімі өткен берекешекке де, акция кезеңінде туындаған берешекке де қолданылады.
— Акцияға қатысу үшін қарыз алушылар мерзімі өткен сыйақы сомасын, субсидияланатын бөлігін қоса алғанда, сондай-ақ мерзімі өткен негізгі борышты толығымен өтеуі тиіс. Клиенттер «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалдарына өтініш берулері қажет, — делінген хабарламада.
Айта кетелік биыл қазақстандықтар ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінен 7,9 мың тонна өнім сатып алған.