Айта кетерлігі, республиканың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің ағымдағы жылғы күзгі дала жұмыстарын жүргізуіне 391,6 мың тонна дизель отыны қажет. Мұндай көлемдегі дизель отыны елімізде бар.
Өңірлердегі арзандатылған дизель отынының 1 литрінің бағасы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін орта есеппен 92 теңгені құрап отыр. ал өзге жанармай стансаларында дизельдің 1 литрі 108 теңгені құрайды. Демек, бұл шаруаларға дизель нарықтық бағадан 15 пайызға арзан жөнелтілуде деген сөз.
Ағымдағы жылдың 10 тамызындағы жағдайға сәйкес Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктері бірлесіп бекіткен МӨЗ-ге облыстарды бекіту кестесі бойынша жеткізушілер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 126 мың тонна дизель отынын тиеп, жөнелтті. Бұл жоспарлаған көлемнің 32 пайызын құрайды.