Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде БАҚ өкілдері вице-министрден көптен бері айтылып жүрген электронды-ақпараттық жүйенің қашан іске қосылатынын сұрады.
«Бұл бастама былтыр жыл ортасынан бері талқыланып келеді. Қазір Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге аталған деректер базасын қалыптастыру туралы шешімді мақұлдадық. Бұл жүйе дизель өндірушілер мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасында тікеллей сауда келісімін жасауға мүмкіндік береді. Ол жүйені қалыптастыру жұмыстарын биыл желтоқсанға дейін аяқтаймыз деп келіскенбіз», - деді Әсет Мағауов.
Аталған шарада министрдің орынбасары мұнай өңдеу зауыттары егіске қажет дизельдің бір литрін 176 теңгеден сататынын айтқан болатын.