«Жеке қосалқы шаруашылықтардың малын жайылымдық жермен қамтамасыз ету мәселесіне айрықша назар аудару қажет. Олардың құқықтық мәртебесі және көрсететін қолдау тәселдері «Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы» бөлек заңда көрініс табуы керек. Үкімет бұл заң жобасын өте қысқа мерзімде әзірлеуге тиіс», - деді Мемлекет басшысы.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент жем-шөп дайындауға қажетті жер көлемін кеңейту керек екенін айтты.
Қ. Тоқаев жайылым жерлерге қатысты әкімдер ықпалды адамдардың ығына жығылып отырғанын сынға алды.