Шарын ауылындағы су тасқынының салдарын жоюға облыс бюджетінен 30 миллион теңге бөлінді

None
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Төтенше жағдайды ескертуге бюджеттің бос қалдықтарынан қосымша 135 миллион теңге бөлінді,

оның ішінде Ұйғыр ауданындағы Шарын ауылында су тасқынының салдарын жоюға, көшелерді тазартуға және жағалауды бекітуге Алматы облысының бюджетінен 30 миллион теңге қарастырылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, зардап шеккен ауылдың тұрғындарына қайырымдылық көмек көрсету жалғасуда. Атап айтқанда, Ұйғыр ауданының жеке кәсіпкерлері, қарапайым тұрғындары, бюджет саласының қызметкерлері бүгінгі таңда халыққа азық-түлік, киім-кешек, аяқ киім, көмір және отын түрінде көмекпен қоса, 3 миллион теңгеден астам соманың қаржылай көмегін көрсетіп отыр.

Арнайы комиссиясы қайырымдылық көмектерді үлестірумен айналысуда. 11 қаңтарда ауыл тұрғындарына 105 тонна көмір және 37 текше метр ағаш таратылды.