Шарын шатқалында сел жүріп, екі адам мерт болды
Алматы облыстық ТДЖ баспасөз қызметі таратқан хабарламада, көз жұмған адамның бірі кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім екендігі айтылады.
«29 мамыр күні күндізгі сағат 13:35 шамасында Шарын шатқалында сел жүріп екі адамның мерт болғаны жөнінде хабарлама түсті. Оның біреуі кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім. Зардап шеккендерге жедел түрде медициналық көмек көрсетілді»,- деп мәлімдеді аталмыш департаменттің баспасөз қызметі.
Ресми ақпаратқа сәйкес, қазір оқиға орнында 31 құтқарушы, 8 техника және жедел жәрдемнің 4 көлігімен 6 қызметкері жұмыс істеп жатыр.
«Осы 8(7282)22-02-13, 22-02-18 нөмірлер бойынша арнайы желі қосылған. Қажетті психологиялық көмек көрсетілуде «,- деп толықтырды баспасөз қызметі.
Сел жауын салдарынан жүрген. Тағы бір адам із-түзсіз жоғалған. Қазір іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.