Қарақұйрық (латынша Gazella subgutturosa) - Қазақстанның Үстірт, Маңғыстау, Арал, Қызылқұм, Мойынқұм, Бетпақдала өңірлерін, Балқаш маңын мекендейтін жануар.
Соңғы жылдары Қара Ертіс өзенінің жағалауындағы құмда көрініп жүр.
Тастақты, құмды, сазды топырақты шөлді аймақтарды мекендеуге бейімделген. Тау етегінде, теңіз деңгейінен 2500-3000 метр биіктікте де кездеседі. Қорегі – шөптесін өсімдіктер мен бұталар.
Қарақұйрық дәмді еті мен терісі үшін көп ауланған. Қазақ даласында сиреп кеткен соң 1996 жылы Қызыл кітапқа енгізілген.
Қазақстанда бар-жоғы 13-15 мыңдай қарақұйрық бар. Оның 5-7 мыңы «Алтынемел» ұлттық табиғи паркінде, қалғаны Үстірт қорығы мен Бозащы қорықшасын мекендейді.
2020 жылы Қазақстанда қарақұйрықты сақтау жобасы іске қосылды.