Әйелдер арасында, сонымен бірге, ерлер арасында осы жылы ең сәнді шаш үлгісі ретінде ұзын кекіл мен буылған ұзын шаш саналмақ. Өтіп бара жатқан Жылан жылы жылтыр тегіс фактура ретінде «сулы эффект» - «жылан жалағандай» бұрым қолданылды. Ұзын шаш иелерін Жылқы жылы көшеде көп кездестіруге болады. «Каре» шаш үлгісі біртіндеп өз маңызын жояды.
«Ал макияж жасауда ашық түстер қолданылады. Жаңа жылда не көзге, не ерінге ерекше мән берілу керек. Ашық әрі әдемі болудан қоырқпаңыздар, өздеріңізді, өздеріңіздің жұптарыңызды қуантыңыздар», - деп кеңес береді Никонов.