АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның астанасында ашылған жаңа мейрамхана басында тазы бар адамдарға арнайы ұсыныс даярлап отыр. Осы арқылы мейрамхананың иесі Йошико Тойота Токионың кеңсе қызметкерлеріне құрметін білдіргісі келеді екен. Атап айтқанда, жұмыстағы күйзеліс пен аз ұйқының салдарынан бұл қызметкерлердің шаштары ерте түсетін көрінеді.
Тағамға тапсырыс берген тазша меймандарға тәтті тағамдар мен сусындар тегін беріледі. Сонымен қатар түскі ас кезінде де оларға едәуір жеңілдіктер жасалады екен.
Болашақта Йошико Тойота шаштың өсуіне ықпал ететін арнайы тағамдарды әзірлеп, мейрамханаға келушілерге ұсынуды жоспарлап отыр, деп жазады шетелдік БАҚ.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.