Шатдаунды тоқтату керек - Трамп Үкімет жұмысын қайта қалпына келтіруге шақырды
АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Президент Дональд Трамп Сенаттағы демократтар енгізген обструкция ережелерінің күшін жойып, 30 күннен бері қызметі тоқтап тұрған Үкіметтің жұмысын қайта қалпына келтіруге шақырды, деп хабарлайды NBC News.
Обструкция немесе филибастер — заң жобаларының қаралуына кедергі жасау үшін парламент азшылығын қолданатын тәсіл. Сенат ережесі бойынша заңдардың көбі қабылдануы үшін оның 100 мүшесінің кемі 60-ы қолдап дауыс беруі қажет.
Ал республикалықтардың Сенатта да (53–47), Өкілдер палатасында да (219–213) саны үстем.
— Демократтар түбегейлі ақылынан алжасты. Бұл жерде ең соңғы амалды қолданбаса болмайды. Тез арада филибастерді тоқтату керек! — деп жазды Дональд Трамп Truth Social әлеужелісінде.
Республикалықтар бейсенбі күні демократтарды 21 қарашаға дейін үкіметті қаржыландырудың уақытша шарасын қолдауға шақырды.
Ал демократтар болса, мерзімі аяқталып келе жатқан федералды салық жеңілдіктерін ұзарту туралы келіссөздер жүргізуді талап етті.
Елдің Үкіметі 1 қазанда республикалықтар мен демократтар Конгерссте мемлекеттік қызметшілерді қаржыландыру туралы заң жобасына қатысты келісімге келе алмағандықтан жұмысын тоқтатты. АҚШ-та ол 2026 қаржы жылының алғашқы күні саналады.
Айта кетейік, АҚШ-тағы ұзаққа созылған шатдаун экономика мен жаһандық тұрақтылыққа қалай әсер етіп жатқаны мынау сілтемеде сарапталған.