Шавкат Мирзиёев Қазақстанға келеді
09:58, 05 Шілде 2018
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанға келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өзбекстан ұлттық ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Шавкат Мирзиёев Қазақстан Рсепубликасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен 2018 жылдың 5-6 шілдесінде Астананың 20 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысады», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, екіжақты кездесулер өткізу де жоспарланған.