Шавкат Мирзиеевпен бірге әйелі, балалары мен немерелері де келді. Ол дауыс бергеннен кейін сайлау учаскесіне келген жергілікті тұрғындармен тілдесті.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Өзбекстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Сағат 11.00-дегі жағдай бойынша дауыс беруге сайлаушылардың 33%-дан астамы қатысты, соған байланысты сайлау өтті деп танылды. Сайлауға төрт үміткер қатысып жатыр, оның ішінде қазіргі президент Шавкат Мирзиеев те бар. Сайлауда жеңіске жету үшін кандидат 50 %-дан астам дауыс жинауы керек.