Шавкат Мирзиёев салтанатты түрде ант беріп, Өзбекстан Республикасының президенті қызметіне кірісті. Президенттің Жоғары белгісімен және туымен марапатталды.
Осы сәтте мемлекет басшысы ретінде сөз сөйлеп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстанда өткен жексенбіде президент сайлауы өтті. Сайлауға төрт үміткер қатысты, оның ішінде қазіргі президент Шавкат Мирзиёев та бар. Бұл Өзбекстанның жаңа Конституциясы күшіне енгеннен кейінгі алғашқы сайлау. Президенттік мерзімі бес жылдан жеті жылға ұзартылды.