«Қызылорда облысындағы Қазақстан Республикасы Қарулы күштері әскери тікұшағының апатынан адамдардың мерт болуы жағдайын зор күйзеліспен қабылдадым. Орны толмас қайғыға ортақтасамын және қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтқанымды жеткізуіңізді сұраймын», - делінген жеделхатта.
Еске салайық, 27 наурыз күні кешке Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырады.Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес, аталған тікұшақ Ақтау қаласынан Шымкентке бет алған 4 әскери тікұшақ құрамында болған. Барлық экипаж мүшесі - 13 адам қаза тапты.
Қорғаныс министрлігі қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері мен фотосуреттерін жариялады.