Шавкат Мирзиёев Қазақстанға келді

Фото: Үкімет

АСТАНА. KAZINFORM — Өзбекстан Президентінің ұшағы елорда әуежайына қонды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

Шавкат Мирзиёев «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысады.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 4,1 миллиард доллар болды.

Айта кетелік бұған дейін Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров  пен Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келген еді.

Бүгін Орталық Азия басшылары мен Қытай төрағасы ықпалдастық мәселелерін талқыға салады