Шавкат Мирзиёев Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге барды
ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Бүгін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Мәскеуге жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Әуежайда Шавкат Мирзиёевті РФ Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Максим Орешкин және Үкімет төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуров қарсы алды.
Сапар бағдарламасына сәйкес, Өзбекстан президенті Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысады, сондай-ақ екіжақты кездесулер өткізеді.
Еске салайық, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Владимир Путиннің шақыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге барды.
Оның аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэла президенті Николас Мадуро, Мьянма премьер-министрі Мин Аун Хлайнмен кездесті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Сербия президенті Александр Вучичпен келіссөз жүргізді.