Әуежайда Шавкат Мирзиёевті РФ Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Максим Орешкин және Үкімет төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуров қарсы алды.
Сапар бағдарламасына сәйкес, Өзбекстан президенті Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысады, сондай-ақ екіжақты кездесулер өткізеді.
Еске салайық, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Владимир Путиннің шақыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге барды.
Оның аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэла президенті Николас Мадуро, Мьянма премьер-министрі Мин Аун Хлайнмен кездесті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Сербия президенті Александр Вучичпен келіссөз жүргізді.