АСТАНА. ҚазАқпарат - Аралас жекпе-жектен әзірге жеңіліп көрмеген қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов (17-0) бүгінгі кезекті жеңісінен кейін алдағы қарсыласы жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық спортшы бүгін АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 285 аралас жекпе-жек бәсекесінде американдық Джефф Нилді (15-5) қылқындыру әдісімен тізе бүктірді.
Ол октагондағы кезекті жеңісінен кейін «Колби Ковингтон, дайындал, сен - келесі қарсылассың!» - деді.
Рахмонов одан басқа бұл жөнінде орта салмақтағы UFC чемпионы титулы бойынша Леон Эдвардс және Камара Усманмен жекепе-жек өткізгісі келетінін айтты. Олар жақын уақытта аталған белбеу бойынша сайысқа түседі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.