АСТАНА. ҚазАқпарат - UFC сайты қазақстандық Шавкат Рахмонов (17-0) пен американдық Джефф Нил (15-5) жекпе-жегінің статистикасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін өткен жекпе-жекте Рахмонов қарсыласын қылқындыру әдісімен тізе бүктірді.
Оның көрсеткіші - 186-145. Ал қазақстандық спортшы 120 соққыны қарсыласына дәл тигізсе, 69-ын өзіне жіберіп алды (63%-47%).
Маңызды соққылар жөнінен де Рахмонов алда болды - 179-145 (дәл соққы - 113-69). Ол төрт мәрте тейкдаун әрекетін жасады, олардың ешқайсысын да нақты нәтижеге алған жоқ. Ал бақылау уақыты - 3:43 - 1:12, қазақстандықтығ пайдасында.
Осылайша Шавкат Рахмонов кәсіпқой мансабында он жетінші жеңісіне қол жеткізді. Оның ішінде бесеуінде UFC бойынша тіркелді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Шавкат Рахмонов алдағы қарсыластары туралы айтты.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.