Шайбалы хоккейден ӘЧ: Қазақстан әйелдер құрамасы Мексиканы жеңді
АСТАНА. KAZINFORM - Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы екінші дивизионның А тобында алғашқы ойынын өткізді
Бұл ойындар Андорра мемлекетінде 7-13 сәуір аралығында өткізіледі. Кездесу барысында қазақстандық хоккейшілер қарсыласынан 4:2 есебімен басым түсті. Қазақстандық хоккейшілер бірінші дивизионға берілетін жалғыз жолдаманы Бельгия, Испания, Исландия, Тайпей және Мексика құрамаларымен шеберлік байқасады.
Қазақстан құрамасының алдағы ойын кестесі:
8 сәуір. 17:00. Қазақстан — Тайпей
10 сәуір. 17:00. Қазақстан — Исландия
11 сәуір. 20:30. Бельгия — Қазақстан
14 сәуір. 00:00. Испания — Қазақстан.
Қазақстандық хоккейшілер былтыр Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында бірінші дивизионның В тобында сынға түсті.
Барлық ойында жеңіліп, бір сатыға төмен дивизионға төмендеді.
Айта кетсек, Қазақстан әйелдер құрамасы 1996 жылдан бері халықаралық жарыстарға тұрақты қатысып келе жатыр. Осы аралықта қысқы Азия ойындарында 3 мәрте чемпион атанса, тағы 3 рет қола жүлдеге ие болған. Ал 2002 жылы АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласындағы ақ Олимпиадада бақ сынап, 8-сатыдан көрінген.