Дүниежүзілік додада барлығы 16 құрама сынға түсіп жатыр. Олар А және В тобына сегіз-сегізден бөлінген. Бір тур бұрын екі топтан плей-офф сатысына қай құрамалардың шыққаны анықталды.
А тобында Швейцария, Финляндия, Латвия және АҚШ ширек финал жолдамасына ие болды.
Ал В тобынан Канада, Норвегия, Чехия және Швеция жарысты жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Енді 28 мамырда ширек финалда Финляндия мен Чехия, Канада мен АҚШ, Швейцария мен Швеция, Норвегия мен Латвия шеберлік байқасады.
Жартылай финал ойындары 30 мамырға белгіленген. Финал мен 3-орын үшін ойын 31 мамырда өткізіледі.
Биыл элиталық дивизионнан Италия мен Ұлыбритания құрамалары түсіп қалды. Олардың орнын бірінші дивизионда алғашқы екі орынға ие болған Қазақстан мен Украина құрамалары ие болды.
Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты 1920 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Канада - 28, Ресей (КСРО) - 27, Чехия (Чехословакия)- 13, Швеция - 11, Финляндия - 4, АҚШ - 3, Ұлыбритания мен Словакия 1 мәрте чемпиондық тұғырға көтерілді.