Шайбалы хоккейден 20 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатында екінші турда Қазақстан жастар құрамасының қарсыластары қалай ойнағаны белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform.
Қазақстан құрамасы элиталық дивизионға жалғыз жолдаманы 10-16 желтоқсан аралығында IA дивизионында Франция, Дания, Жапония, Венгрия және Аустрия құрамаларымен сарапқа салып жатыр.
Екінші турда Франция Жапонияны — 5:3, Австрия Венгрияны — 3:2 есебімен сүріндірді.
Қазіргі дейін қазақстандық хоккейшілер Венгрия (5:2) мен Даниядан (3:2) басым түсті.
Екі турдан кейін алты ұпай жинаған Франция, Қазақстан мен Австрия көш басында тұрса, Дания, Венгрия мен Жапонияның еншісінде әзірге ұпай жоқ.
Енді қазақстандық жастар 13 желтоқсанда Франциямен ойнайды.
Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионаты бірінші дивизионында алты мәрте ойнады.
Төртеуінде жеңімпаз атанып, элиталық дивизионға жолдама алған еді.
Қазақстан жастар құрамасы элиталық дивизионда сегіз мәрте бақ сынады.
Ең жоғары жетістігі — 1999 жылы алтыншы орын.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.