АСТАНА. KAZINFORM - Алматылық «Айсұлу» командасы шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионы атанды. Оңтүстік астана намысын қорғайтын ұжым өз тарихында 18-мәрте жеңіс тұғырынан көрініп отыр.
Ал астаналық «Томирис» биылғы маусымда чемпион командаға лайықты қарсылық көрсетті. Нәтижесінде екінші орынға табан тіреді. Сондай-ақ, құрамында тек жергілікті өскемендік қыздар жинақталған «Торпедо» клубы үздік үштікті түйіндеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты плей-офф сатысының финалы мен үшінші орын сайыста қай командалардың сынға түсетіні белгілі болды.
Биыл бас жүлдені Көкшетаудың «Арлан» және астаналық «Номад» клубтары сарапқа салады.
Ал қола жүлдеге «Ақтөбе» және қарағандылық «Сарыарқа» клубтары таласады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.