АСТАНА. KAZINFORM - Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы мамыр айында Астана қаласында Ресей және Беларусь құрамаларымен жолдастық кезлесу өткізеді.
Елордада 2-4 мамыр аралығында Qazaqstan Hockey Open турнирі жалауын көтереді. Оған Қазақстан, Ресей және Беларусь құрамалары қатысады.
Турнирдің ойын кестесі:
2 мамыр. Ресей - Қазақстан
3 мамыр. Қазақстан - Беларусь
4 маямыр. Ресей - Беларусь.
Бұл Қазақстан құрамасы үшін элиталық дивизиондағы әлем чемпионатына дайындық болады. Әлем чемпионаты 10-26 мамыр аралығында Чехияның Прага және Острава қалаларында өтеді. Топтық кезеңде ұлттық құрама АҚШ, Германия, Швеция, Словакия, Латвия, Франция және Польшамен сынға түседі.
Айта кетсек, былтыр шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалды.
Сондай-ақ, 2024 жылы шайбалы хоккейден барлық дивизион бойынша әлем чемпионаттарының өтетін орны мен уақыты белгілі болды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.