Шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы элиталық дивизионға шыға алмады

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

АСТАНА. KAZINFORM — Халықаралық хоккей федерациясы жастар арасындағы әлем чемпионаты бірінші дивизионының А тобында сынға түскен Қазақстанның 20 жасқа дейінгі жастар құрамасы элиталық дивизионнан тыс қалды.

Отандастарымыз 7-13 желтоқсан аралығында Словенияның Блед қаласында элиталық дивизионға жалғыз жолдаманы Украина, Франция, Норвегия, Аустрия және Словениямен сарапқа салды.

Қазақстандық хоккейшілер 13 желтоқсанда Аустрияны 5:4 есебімен жеңді

Жарыстың аталған сатысында қазақстандық хоккейшілер Словенияны 5:4, Францияны 14:6 есебімен жеңсе, Украинаға 1:2, Норвегияға 2:10 есебімен есе жіберді. Нәтижесінде өз тобында 9 ұпаймен екінші орынға табан тіреді. Дегенмен элиталық дивизион жолдамасынан тыс қалды. Бұл топта 12 ұпай жинаған Норвегия алдағы жылы үздіктер қатарында сынға түседі.

Қазақстан құрамасы:

Қақпашылар: Тәңірхан Алпысбаев («Wind City / Tri City Storm», AAA), Дәулет Қуат, Дмитрий Ряшин (екеуі де — «Снежные Барсы»);

Қорғаушылар: Дамир Бритиков, Нурислам Зияш, Санжар Ибрагим, Мстислав Шипилин (бәрі — «Снежные Барсы»), Мәжит Имашев («Elite Hockey Academy»), Александр Макаров, Руслан Түсіпбеков, Игнат Шевченко (бәрі — «Номад»), Дмитрий Рязанов («Горняк»);

Шабуылшылар: Абзал Әлібек («Philadelphia Rebels», NAHL), Виталий Божко, Тимофей Симонов (екеуі де — «Сарыарқа»), Роман Двуреченский, Кәрім Қажыбеков, Александр Перкин, Александр Симахин (бәрі — «Снежные Барсы»), Корней Корнеев («Victoriaville Tigres», QMJHL), Тимур Миндубаев («Номад»), Әлішер Саркенов («Prince Albert Raiders», WHL), Асанәлі Саркенов («Spokane Chiefs», WHL), Матвей Умеренков («Ладья», МХЛ), Семен Черкасов («Красноярские Рыси», МХЛ).