Шайбалы хоккейден 20 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатына дайындық барысында жолдастық кездесуде Венгриядан басым түсті, деп хабарлайды Kazinform.
Венгрияда өткен жолдастық кездесуде қазақстандық хоккейшілер қарсыласын 5:2 есебімен сүріндірді.
Енді олар 7 желтоқсанда Франциямен жолдастық кездесуде шеберлік байқасады.
Қазақстан құрамасы элиталық дивизионға жалғыз жолдама үшін 10 және 16 желтоқсан аралығында IA дивизионында Франция, Дания, Жапония, Венгрия және Аустрия құрамаларымен кездеседі.
Қазақстан жастар құрамасының ойын кестесі:
10.11.2023, 21:00. Венгрия – Қазақстан
11.12.2023, 21:00. Қазақстан – Дания
13.12.2023, 17:30. Қазақстан – Франция
14.12.2023, 17:30. Қазақстан – Япония
17.12.2023, 00:30. Австрия – Қазақстан
Қазақстан жастар құрамасы элиталық дивизионда сегіз мәрте бақ сынады. Жоғары жетістігі – 1999 жылы алтыншы орын.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.