НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден 2026 жылғы әлем чемпионаты қайда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған турнир 2026 жылы 15-31 мамыр аралығында Швейцарияның Цюрих және Фрибург қалаларында өткізіледі.
Бұл шешім Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының конгресінде қабылданды.
Швейцария бұдан бұрын 2020 жылы Әлем чемпионатын қабылдауға ниет білдірген еді. Дүниежүзін жайлаған коронавирус пандемиясына байланысты дүбірлі дода өтпейтін болып шешілген.
Еске салсақ, бұдан бұрын алдағы үш жылда хоккейден Әлем чемпионаты қайда өтетінін жазғанбыз.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.