НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден 2021 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында бүгін, 25 мамырда Қазақстан құрамасы АҚШ-пен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған ойын елорда уақытымен 19.05-те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі құрама бұған дейін аталған турнирде бес мәрте кездесті. Оның барлығында америкалық хоккейшілер жеңіске жетті. Айта кетерлігі, олар әлем чемпионатында 1970, 1974, 1983 жылдары жеңімпаз атанды.
Биылғы турнирде қазақстандық хоккейшілер алғашқы екі ойында басым түсті. Алдымен Латвияны буллитен 3:2 есебімен жеңсе, одан кейін Финляндияны буллитен 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Ал АҚШ құрамасы алғашқы ойынында Финляндияға 1:2 есебімен есе жіберсе, екінші кездесуде Канададан 5:1 есебімен басым түсті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.