НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден 2022 жылғы әлем чемпионатына қатысатын құрамалар тізіміне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жөнінде Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) мәлім етті.
Айта кетсек, бұдан бұрын Украинадағы жағдайға байланысты Ресей мен Беларусь құрамалары аталған жарыстан шеттетілген еді.
Әлем чемпионатында Қазақстан хоккейшілері сынға түсетін А тобына Канада, Германия, Швейцария, Словакия, Дания және Италия құрамалары қатарына Франция қосылды.
Ал В тобындағы Беларусь құрамасын Австрия алмастырды. Сондай-ақ, бұл топта Финляндия, АҚШ, Чехия, Швеция, Латвия, Норвегия, Ұлыбритания бар.
Әлем чемпионаты 13 және 29 мамыр аралағында Финляндияның Хельсинки және Тампере қалаларында өткізіледі.
Еске салсақ, былтыр Қазақстан құрамасы В тобында бесінші орынға тұрақтады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.