НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін шайбалы хоккейден әлем чемпионатында топ-дивизионда Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дүбірлі додада қазақстандық хоккейшілер А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Канада, Словакия, Германия, Дания, Швейцария, Италия және Франция.
Ел құрамасы бүгін, 14 мамырда алғашқы ойынын Данияға қарсы өткізеді.
Кездесуді елорда уақытымен 15:10-дп «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Ал, В тобында Финляндия, АҚШ, Чехия, Швеция, Латвия, Норвегия, Ұлыбритания және Австрия шеберлік байқасады.
13 мамырда құрамалар алғашқы кездесуін өткізді.
Ойын нәтижелері мынадай:
А тобы
Франция - Словакия 2:4
Германия - Канада 3:5
В тобы
АҚШ - Латвия 4:1
Биыл жаһандық дода 85-мәрте жалауын көтерді.
Әлем чемпионаты 13-29 мамыр аралығында Финляндияның Хельсинки және Тампере қалаларында өткізіледі.
Еске салсақ, бұдан бұрын әлем чемпионатында сынға түсетін Қазақстан құрамасының хоккейшілері анықталды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.