НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында топ-дивизионда Қазақстан құрамасы төртінші ойынын Канадаға қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Казақстандық хоккейшілер канадалық қарсыласымен тең деңгейде ойын көрсетті. Екі мәрте есепте алда тұрды. Дегенмен ойын қорытындысында канадалықтарға 3:6 есебімен есе жіберіп қойды.
Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық хоккейшілер Дания, Франция және Швейцария құрамаларына жеңілді.
Енді олар келесі ойынын бүгін, 20 мамырда Cловакияға қарсы өткізеді.
Айта кетсек, әлем чемпионаты 13-29 мамыр аралығында Финляндияның Хельсинки және Тампере қалаларында өтеді.
Қазақстан құрамасы А тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары - Канада, Словакия, Германия, Дания, Швейцария, Италия және Франция.
Ал В тобында Финляндия, АҚШ, Чехия, Швеция, Латвия, Норвегия, Ұлыбритания және Австрия шеберлік байқасуда.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.